• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Маусым, 2021

АҚШ туристер үшін карантиндік шектеулерді жеңілдетуде

251 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы (CDC) бірқатар елдерге, соның ішінде Еуропалық Одақ пен Ресейге баратын саяхатшылар үшін қатаң шектеулерді алып тастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия мен Ресей үшін шектеулер деңгейі сапардан толық бас тартуды қамтамасыз ететін төртінші деңгейден, елге тек толық вакцинацияланған жағдайда ғана сапар шегуді көздейтін үшінші деңгейге дейін төмендеді.

Шектеулердің үшінші деңгейі қазір Франция, Эквадор, Филиппин, Оңтүстік Африка, Канада, Мексика, Испания, Швейцария, Түркия, Украина, Гондурас, Венгрия, Италия, Греция, Жапония сияқты елдер үшін жарамды.