• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2021

Испания туристерге шекарасын ашты

227 рет
көрсетілді

Испания 7 маусымнан бастап әлемнің түкпір-түкпірінен вакцинацияланғандар үшін шекарасын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне шыққан еліне қарамастан елде жүруіне рұқсат етіледі», деп мәлімдеді Испания үкіметі.

Шетелдік круиздік кемелер де испан порттарында жүре алады. Испанияның туризм индустриясы бірнеше айға созылған локдаундардан кейін жазғы бизнеске үміт артады. Үкіметтің болжауынша, биыл елге 45 миллион шетелдік турист келмек.