• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Хоккей 23 Мамыр, 2021

Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

579 рет
көрсетілді

Латвия астанасы Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде  қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші кезеңнің 33-минутында финляндиялық Антон Лунделль есеп ашса, оған 35-минутта Кирилл Панюков бір шайбамен жауап берді.

Үшінші кезеңде және овертаймда командалар жеңісті голды қақпаға дарыта алмады. Матч тағдыры буллит сериясында ғана шешілді. Осылайша, бұған дейін төрт мәрте финляндиялықтардан жеңіліп қалған хоккейшілеріміз бұл жолы 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан командасы алғашқы матчта Латвиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткені туралы бұған дейін де хабарлаған едік.Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер енді 25 мамырда АҚШ құрамасымен кездеседі.