• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2021

Алматыда әйел 10-шы қабаттан секіріп кетті

1687 рет
көрсетілді

Алматы қаласында 49 жастағы әйел 10-шы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайғылы оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. 1972 жылғы қала тұрғыны өзін биіктен лақтыру арқылы өз-өзіне қол жұмсады. Оның Психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс Алмалы ауданының полиция бөлімі өз өндірісіне алды», деп хабарлайды қалалық ПД.