• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Сәуір, 2021

Перзентхана қызметкерінің вакцинадан қайтыс болғаны рас па?

5583 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp-та тараған №4 перзентхана қызметкері вакциналаудан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», деп жауап берді Сәдуақас Байғабылов.

WhatsApp мессенджерінде тараған видеода №4 перзентхана қызметкері вакциналаудан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.