• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Наурыз, 2021

Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетеді

286 рет
көрсетілді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян келесі айда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді. Парламентті тарату үшін елдің премьер-министрі отставкаға кетуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz Интерфакске сілтеме жасап.

- Сәуірде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін отставкаға кетемін. Осы кезеңде мен премьер-министрдің міндетін атқарушы болып қала беремін, - деді жексенбіде Армавир облысына сапары аясында Арагац ауылының тұрғындарымен кездескен Армения премьер-министрі. 

Ол жиналғандарға қарата: «Егер біздің өкілеттігімізді құптайтын болсаңыздар, сіздерге бұрынғыдан да жақсырақ қызмет етуді жалғастырамыз. Ал көңілдеріңіз толмаса, билікті сіздер қалаған адамға береміз»,  деді. 

Айта кетейік, Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы 20 маусымға жоспарланған.