• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Білім 23 Ақпан, 2021

Оралда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

400 рет
көрсетілді

Орал қаласында аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығының мәліметінше, жергілікті сағат 07.00-де температура тілі 26 градус аязды көрсетті. Желдің жылдамдығы – секундына 6 метр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста боранға байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз. Облыстық ТЖ департаменті қазіргі кезде жолдардың ашық екендігін жеткізді.