«Ордабасының» бас бапкері болып беларустік маман Александр Седнев тағайындалды.
47 жасар маман бұған дейін «Белшина», минсктік «Динамо», могилевтік «Днепр» және қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған. Өткен маусымда бапкер Беларусь жоғарғы лигасының бресттік «Динамосын» баптаған.⠀2012-жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.