Қатты соққан желдің салдарынан Жарма ауданында бірқатар нысандар зардап шекті.
Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Қапанбұлақ ауылындағы мектептің шатыры да бүлінген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері желдің қатты соғуына байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. - Елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береміз. Электр қуатының өшуіне дайын болыңыз. Ауылдық жерде тұрсаңыз, екі күндік су, тамақ, дәрі-дәрмек, шамдар мен қолшамдарды, қар тазалауға арналған керек-жарақтарыңызды дайындап қойыңыздар. Далаға шықсаңыздар, абай болыңыздар! Автокөліктерді ағаштардың түбіне қоймаңыздар, - деседі мамандар.
Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы