• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2020

Атырауда есірткі сатқан 38 сайт бұғатталды

154 рет
көрсетілді

Атырау облысының полицейлері есірткі сататын 38 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 120  қылмыс тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі заттары тәркіленіпті.

«Соңғы жылдары психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар мен «Qiwi-кошелек» арқылы өткізу үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу мақсатында есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды»6 дейді Нұрхат Оразбаев.