• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Наурыз, 2020

Моңғолияның Эрдэнэт қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды

291 рет
көрсетілді

Моңғолияның Эрдэнэт қаласында онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz

Бүгінде Моңғолияда 126 мыңнан астам қазақ тұрады. Оның 4 мыңға жуығы Эрдэнэт қаласында қоныстанған. Баян-Өлгей аймағынан басқа өңірлерде қазақ тілінің жағдайы көңіл қуантарлық емес. Осы орайда "Отандастар қоры" КеАҚ Эрдэнэт қаласындағы қазақ мәдени орталығына онлайн сынып ашуға қажетті интерактивті құрылғылар топтамасын жіберген болатын. Сондай-ақ, Моңғолияның Хобда аймағына екінші топтама жіберу жоспарланған. 

Қазақ балалары тікелей эфирде өтетін сабақтарға қатысып, ана тілін жетілдіру үстінде. Сабақ Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді. Сабақтарға қатысу үшін, "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылып, арнайы сілтемелер арқылы өту қажет.