• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Желтоқсан, 2019

Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды

357 рет
көрсетілді

Түмен облысының Ишим қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталмыш жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Онлайн сынып ашуға қажетті интерактивті құрылғылар "Түмен облысы қазақтарының ұлттық мәдени автономиясына" тапсырылды.

"Балалардың қуанышында шек жоқ. Осы құрылғылар арқылы олар қазақ тілін онлайн үйреніп қана қоймай, шетелде тұратын қазақ балаларымен достасу мүмкіндігіне ие болады. Ата-аналар тарапынан Отандастар қорына шексіз алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда тарихи Отанымыздан ерекше сыйлық болды. Мерекеден соң екінші интерактивті құрылғылар топтамасын Упорова ауданындағы қазақ сыныбына тапсырамыз", дейді орталық төрағасы Есенғали Ибраев. 

"Отандастар қоры" КеАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен 2020 жылы 12 елде 31 онлайн сынып ашуды жоспарлап отыр.