• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Абай 23 Қыркүйек, 2020

Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал салынды

513 рет
көрсетілді

"Шығыс - Адалдық алаңы" жобасы аясында, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Аягөз қаласы, Қабанбай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ғимаратына Ұлы Абайдың бейнесі салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Муралда ақынымыздың "Adal júrip, Adal tur" деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.   Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.   Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.