"Енді "Тынымсыз шөжелер", "Сәби", "Еркелер", "Шахмат патшалығы", "Пырақтар" жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын "Olympusat" компаниясымен жасалды.
Сонымен қатар "Balapan"-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктеледі. Енді "Күлкі іздеген Күнекей", "Сәби", "Еркелер" мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады.
Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды.
Бұл – арна мен еліміздегі анимация тарихындағы айтулы оқиға. Арнаның барша көрермендерін осынау маңызды да ірі жетістікпен құттықтаймыз", деп жазды "Balapan" телеарнасының директоры.