• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Шілде, 2020

Үндістанда вирус жұқтырғандардың саны 1 млн-ға жетті

296 рет
көрсетілді

17 шілдедегі жағдай бойынша Үндістанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 1 003 832 адамды құрады. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бір тәулік ішінде елде коронавирус диагнозы 34,9 мың адамнан анықталды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 25 602-ге жетті, оның ішінде соңғы тәулікте 756-сы сауығып, 342 473-і медициналық бақылауда жатыр.

Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша Үндістан АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.