• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында базар өртенді

1576 рет
көрсетілді

Бүгін елордадағы "Әмір" әмбебап базары аумағында өрт болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

"Бүгін сағат 16-14-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Алаш тас жолы 29/2 мекенжайынан шақырту түсті. Оқиға орнына барған кезде "Әмір" әмбебап базарында болжамды аумағы 300 шаршы метр болатын қойма ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны анықталды", - деп атап өтеді ведомстводан.

Өрт сөндірушілер сағат 17-08-де жалынның бетін қайтарды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 32 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады департаменттен.