• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2020

Елде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

572 рет
көрсетілді

13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын. Бұл туралы бұған дейін республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.

2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.