• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Мотоциклмен киік қуып, полицейлердің қолына түсті

224 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының далалықта мотокөлігімен киікті қуып құлатқанын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚК 339-бабымен “Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі – браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады", деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Камза Үмбетқалиев.

Соңғы жаңалықтар