Бірыңғай дистрибьютор қазіргі жағдайға байланысты бүкіл медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізумен айналысып жатыр. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
15 маусымда қабылданған клиникалық хаттамаға сәйкес, 121 дәрі-дәрмек (КВИ емдеуге арналған), ішінде 102 атауы бірыңғай дистрибьютор тізіміне кіреді.
Жылдың басынан бастап қазірге дейін бұл КВИ-ға қабылданатын дәрі-дәрмек бүкіл медициналық мекемелердің ұсыныстары бойынша 7,4 млрд теңгеге жеткізілді.
КВИ індетінің өсуіне және науқастар санының өсуіне байланысты жеткізу көлемдері көбейіп жатыр.