• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Шілде, 2020

Швейцарияда Ұлттық Домбыра Күні аталып өтті

402 рет
көрсетілді

Швейцариялық Альпіде - Меггенхорн көркем жерінде Ұлттық Домбыра Күніне орай Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшілігі "Birlik" Қазақстан-Швейцария бірлестігі мен ҚазАльянстың қатысуымен домбырашылардың музыкалық қойылымын ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Іс–шараның ашылуында Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев "Мәдениет - халықтар арасындағы ең сенімді көпір, ол елдерді бір-біріне жақын және түсінікті етеді. Өздеріңіз білетіндей, қазақтардың рухы домбыраның дыбысында, ал швейцарлықтардың жаны Альп сұлулығымен дем алады. Бүгін біз осы ерекше мәдени симбиоздың куәсі болдық", - деп атап өтті.

Іс-шара Меггенхорнның көптеген қонақтарының назарына ілініп, олар домбырашылардың Балбырауын, Секіртпе, Алқиса, Ақсақ киік Жекпе-жек, Көңіл толқыны, Ерке-Сылқым және Адай қазақ күйлеріне таңданып, бейне камераларға түсіріп, аспаптар мен ұлттық киімдерге қызығушылықтарын жасырмады.

Іс-шараға Швейцария бизнесмендері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және елшіліктің достары қатысты.