• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2020

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

584 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

"Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Шектеу іс-шараларының ішінде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына байланысты шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін", делінген ақпаратта.