• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Маусым, 2020

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

187 рет
көрсетілді

Профилактика шаралары аясында демалыс күндері қоғамдық көлік (27-28 маусым) жүрмейді. Бұл туралы Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автобустар мұқият дезинфекцияланады. Қоғамдық көліктер бұрынғы режимге 29 маусымда (дүйсенбіде) оралады.

Сонымен қатар барлық қоғамдық орындар жабылады: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар.