• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Түркістанда еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

300 рет
көрсетілді

Түркістан қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Марапатты  облыс әкімі,  Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды, - деп жазады Egemen.kz

Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Nur Otan партиясының үйлестіруімен елімізде, оның ішінде Түркстан облысында "Біз біргеміз" акциясы жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. "Игі істі жүзеге асыруда ерікті жастарымыз елге көмектесті. Карантинде де жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Отаншыл,  мемлекетшіл азаматтар өздеріңіздей жалынды жастардың арасынан шығады", деді Ө.Шөкеев.

"Біз біргеміз" акциясын жүзеге асыруға көмектескен Түркістан облысы «Jas Otan» жастар қанатының 138 еріктісі де Елбасы Алғыс хатымен марапатталды. Облыстағы 40 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмекті үлестіруге 600-ден астам қоғам белсендісі, еріктілер атсалысты. COVID-19 дертіне қарсы күресті күшейту және мұқтаж отбасыларға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоры құрылғаны мәлім. Аталған қор арқылы Түркістан облысында 40 мыңнан астам отбасыға азық-түлік берілсе, Түркістан мен Кентау қаласындағы 17 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. «Біз біргеміз" акциясы арқылы жәрдем көрсету белсенділігі мен отбасыларды қамту көрсеткіші бойынша Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы республикада екінші орынды иемденіп отыр.

Айта кетелік, "Birgemiz" қоры есебінен Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін 20 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Оған 340 млн теңге бөлінген.

Түркістан облысы