• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Тереңкөл - Железин автожолындағы апаттан 7 жасар бала көз жұмды

224 рет
көрсетілді

Тас жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соғысқан, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"17 маусым күні 15:30-да Тереңкөл – Железин автожолының 2 шақырымында Volkswagen Passat маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. 32 жастағы облыс тұрғыны басқарған Volkswagen Passat автокөлігінде жүргізушінің кәмелетке толмаған үш баласы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы кәмелетке толмаған бала қайтыс болды", - деді баспасөз қызметінде.

Департаменттің хабарлауынша, 2016 және 2020 жылы туған екі қыз бала Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.