• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Маусым, 2020

А. Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

197 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының жаңа Премьер-Министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің басшысы К. Бороновты Премьер-Министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған Қырғыз Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, су-энергетикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.