• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Атырау облысының әкімі тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады

495 рет
көрсетілді

Әкімнің онлай-форматта өткізген қоғамдық қабылдауында тұрғындар бірнеше мәселені қозғады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Соның ішінде тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік секілді  баршаға ортақ мәселелер бар. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді Атырау қаласының, сондай-ақ  аудандардың әкімдеріне, тиісті басқармалардың басшыларына  тапсырды. Осыған байланысты әкімдерге бірқатар  тапсырма берді. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің толық шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Біздің басты мақсатымыз – халықтың  әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Сондықтан, тұрғындарды толғандырып отырған барлық мәселе бақылауымызда болады", - деді Махамбет Досмұхамбетов.