• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Атырауда браконьер торына балық емес, жылқы түсті

Жайық өзенінде браконьерлер құрған  торға  балық емес, жылқы түсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Бұл тосын оқиға  8 маусымда  болған. Тұрғындар Жедел-құтқару отрядына «Химик» саяжайының  тұсында  жылқының торға түсіп, өзенге батқаны туралы хабар беріпті. 

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жедел-құтқару отрядының құтқарушылары  бір сағатта жылқыны тордан босатып, жағаға алып шықты. Мұндай оқиға Жайық өзенінде алғаш рет кездесіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар