Президент • 09 Маусым, 2020 Мемлекет басшысы тұрғын үй бағдарламалары операторларын қысқарту туралы заңға қол қойды Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жібек АҒДАРИ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.