• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2020

Азаматтар смартфон арқылы дәрігерден кеңес ала алатын жоба іске қосылады

135 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің медиаорталығында өткен онлайн брифингте айтты.

- Біз қазір жаңа жобаны іске қосқалы жатырмыз. Ол әзірге техникалық тексерістен өтіп жатыр. Жобаның ең тиімді тұсы - азамат емханаға бармай, өз смартфонынан, планшет немесе ноутбуктан өзі тіркелген емханадағы дәрігерден тегін кеңес алатын болады. Бұл бағдарлама 100 пайыз Қазақстанда жасалған. Қазақстандық серверлер мен бағдарламаларға негізделген, - деді Олжас Әбішев.