• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Президент 20 Желтоқсан, 2019

Мемлекет басшысы: Латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды

491 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайтынын айтты.

«Латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды. Тыңғылықты, тексерілген жұмыс талап етіледі. Жан-жақты сараптай отырып,  жаңа әліпбидің барлық аспектілерін әзірлеу қажет. Латын әліпбиінің ұсынылған үш нұсқасы да жетілдірілмеген болып шықты. Сондықтан бұл проблемада шынайы ғылыми әдіс керек», деді Мемлекет басшысы.