• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

290 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лаузымға сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.