• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2019

Эльмира Суханбердиеваның 4 жасар ұлы қайтыс болды

518 рет
көрсетілді

Алматыда оқыс оқиға салдарынан ҚР бұрынғы вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның төрт жасар ұлы қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майраш Тайкенованың айтуынша, әріптестері, туған-туыстары мен білім саласы ұйымдарының басшылары марқұмның анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Еске сала кетейік, таяуда елорданың Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан еді. Ол сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталып, кінәсін мойындаған.