Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева аталған турнирдің алғашқы айналымында рейтингте 157-сатыда тұрған жергілікті теннисші Хэрриет Дартпен кездесті. 1 сағат 21 минутқа созылған бәсекеде отандасымыз 6:1, 6:4 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Ю.Путинцева турнирдің екінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы саналатын жапониялық Наоми Осакамен күш сынасады. Осака алғашқы айналымда рейтингте 33-орында тұрған Грекия спортшысы Мария Саккариден 6:1, 4:6, 6:3 басым түсті.
Айта кетейік, былтырғы Бирмингем турнирінде чехиялық ару Петра Квитова жеңімпаз атанған-ды.