• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2019

Гандболдан әйелдер арасындағы ел Спартакиадасы мәресіне жетті

932 рет
көрсетілді

Гандболдан әйелдер командасы арасында Қазақстанның 5-ші Спартакиадасы мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп жазады Olympic.kz.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Қызылорда командасы иеленді. Екінші орында Нұр-Сұлтан, үшінші сатыда Шымкент қалалары орналасқан. 

Гандболдан ел Спартакиадасы 23-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында өткенін естеріңізге саламыз.