Спорт 11 Сәуір, 2019

Жағажай волейболынан Яковлев/Богату жұбы Тайландағы турнирдің жартылай финалына өтті

846 рет
көрсетілді

Тайландта жағажай волейболынан өтіп жатқан ерлер арасындағы әлемдік тур бәсекесінде қазақстандық Яковлев/Богату жұбы жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирдің ширек финалында екі қазақстандық жұп кездесті. Яковлев/Богату жұбы төрт партия қорытындысы бойынша Дьяченко/Сидоренко жұбынан басым түскен болатын. 

Ертең өтетін жартылай финал бәсекесінде қазақстандық команда Украина өкілдері Емельянчук/Денискеномен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар