• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2019

Оралдық шекарашылар шамамен 200 000 000 теңгенің контарабандасының жолын кесті

872 рет
көрсетілді

Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсталған азамат «Орал - Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шамаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болыпты. Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді», делінген хабарламада.