• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қараша, 2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

409 рет
көрсетілді

Қызылордадағы жергілікті полиция басқармасынының қызметкерлері жол апатынан зардап шеккен азаматтар үшін қан тапсырды.

Автобустардың қақтығысуынан болған оқыс оқиға Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының тұсында орын алған еді. Автобустардың ішінде 86 жолаушы болған. Оның үшеуі қайтыс болып, 74-і ауруханаға түскен.

Қан орталығының қызметкерлері полиция басқармасына құрылғыларымен келді. Облыста «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» жүріп жатқан. Қамқорлық акциясына 70-ке жуық полиция қызметкері қатысып, қан тапсырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы