• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстанда жылу мен электр тарифтерінің бағасы төмендетілді

348 рет
көрсетілді

Прокуратура қызметкерлері жергілікті монополистік субъектілер қызметін тексеру барысында  жылу мен электр қуаты үшін тарифтік  шығындарды негізсіз көтеру фактілерін анықтады.

Атап айтқанда,  «Севказэнергосбыт» ЖШС-і жеке кәсіпкерлерге босатылған электр энергиясын көтерілген баға бойынша есептеген. Ықпалды шаралардың арқасында  тарифтік баға  19,41 теңгеден 15,51 теңгеге дейін кемітіліп, 40 миллион теңге қайтарылды. 

Осындай  жағдайлар «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-і мен «Солтүстік Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы»  АҚ-да да орын алған. Тексеріс қорытындысы бойынша  энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдар электр энергиясына қатысты тарифтерді түзетті. Тарифтер 2020 жылға дейін қатаң сақталатын болады.

Табиғи монополия саласындағы заң бұзушылықтар үшін  «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-мен «Солтүстік Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ы жауапкершілікке тартылып, 2,6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы