• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Қазан, 2018

Сенат депутаттарын тіркеді

376 рет
көрсетілді

5 қазан күні Шымкент қаласында өткен Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша 2014 жылғы 1 қазанда сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Д.Сатыбалды, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Н.Бекназаров сайланғаны белгілі. Кеше Орталық сайлау комиссиясында жаңа депутаттарды тіркеу жөнінде отырыс өтті. Сондай-ақ сайлау қорытындысына сәйкес Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу жөнінде қаулы қабылданды. 

Жиында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев қала мәслихаты ұсынған Д.Сатыбалды мен Н.Бекназаровты жаңа қызметімен құттықтап, Сенат депу­татының куәлігін табыстады.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»