• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қаңтар, 2018

Көлік және коммуникациялар академиясы Жолдауды талқылады

268 рет
көрсетілді

М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кә­сіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүм­кіндіктері» атты  Жолдауы талқыланды.  

Парламент Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев пен Кәрібай Мұсырман еліміздегі төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асырудағы білім мен ғылымның маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы алды­мызға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру жолында еліміздің көлік саласындағы бі­лікті мамандарды даярлау үшін академия барлық шара­ларды жасауда. Барынша білікті мамандар даярлауға на­­зар аударудамыз. Біздің ма­те­риалдық-техникалық база­мыз жақсы, халықаралық байланысымыз жолға қойыл­ған», деді «ҚазККА» АҚ президенті-ректоры Бақытжан Қуанышев.

Нұрлыбай ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА