• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2017

Астаналық альпинистер Еуропаның ең биік шыңын бағындырды

267 рет
көрсетілді

Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының альпинистері әлемнің ең биік шыңдарының бірі – Эльбрусты бағындырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шара ағымдағы жылдың 2-16 маусым күндері өтті. Таудың ең биік шыңына альпинизм спортының жаттықтырушысы Сергей Беляков, «Жігер» спорттық клубы директорының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов және 4 спортшы шықты. Эльбрус – Үлкен Казказ тау жүйесінің солтүстік бөлігінде орналасқан Еуропаның ең биік тау шыңы. Биіктігі теңіз деңгейінен 5642 метрді құрайды.