• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2017

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Штаб өкілдерімен кездесті

276 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Атқару комитетінің бөлім бастығы Е.Слобода мен ТМД Байқаушылар миссиясы штабының мүшелері, ТМД Атқару комитетінің кеңесшілері О.Кулеба мен Е.Козякты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының депутаттарын сай­лауында халықаралық байқауды ұй­ым­дастыру мәселелері бойын­ша пікір алмасты. Б.Имашев Орт­сайлаукомның ТМД Мис­сия­сы­­ның байқаушыларына сай­лау­ды байқауды ұйымдастыруда ақ­па­­раттық және басқа да барлық қа­жет­ті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

ТМД байқаушылары ми­ссия­сы­ның Қазақстандағы, соның ішінде Сенат депутаттарын сайлау бойын­ша жұмыс тәжірибесі үл­кен. Байқаушылар миссиясының пі­кі­рі бойынша, сайлауға әзір­лік құ­қық­тық кеңістікте, демок­ра­тия­лық не­гізде өтіп жатыр. ТМД байқаушылары байқаудың нә­тижелері бойынша өзінің тұжы­рым­дары мен ұсынымдарын сайлау науқаны аяқталған бойда жұрт­шы­лықтың назарына ұсынуды көздеп отыр. 

«Егемен-ақпарат»