• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Солтүстік Қазақстанда Универсиада алауы жағылды

299 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада-2017 Алау эстафетасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Біздің облыстың намысын 8 спортшы қорғайды. Конькиден – Роман Креч, Федор Андреев, Иван Аржанников, Татьяна Климчук, Светлана Мальцева, Мария Громова, шаңғы жарысында – Ринат Мухин, керлингте – Дмитрий Гарагуль. Бәріміз жерлестерімізге қолдау білдіріп, жеңіс тілейік!» – деді өңір әкімі Ерік Сұлтанов. Эстафета М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен басталды. Оны СҚО әкімі Ерік Сұлтанов және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбеков жақты. 60 алаугер Универсиада Алауын Петропавлдың басты көшелерімен алып өтеді. Олар 12 шақырым жол жүреді. Эстафета екі кезеңге бөлінген және Спорт сарайында аяқталады.