• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

358 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 26-28 қаңтар күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны. "Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райын циклон, антициклон және олармен байланысты атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 4-8 градусқа жоғары болады деп күтіледі", - деп хабарлады мамандар. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 2-10 градусқа көтеріледі.