• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Алматыда тамақ өнеркәсібіне 15,4 млрд теңге инвестицияланған

373 рет
көрсетілді

2016 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында тамақ өнімдерін шығарудың негізгі капиталына 15,4 млрд инвестицияланған, деп жазады strategy2050.kz. Өңір сүт, ет, құс өсіру және жеміс-көкөніс өсіру кластерлерін дамытады және 2016 жыл ішінде азық-түлік шығарылымының 24,8% көлемін қамтамасыз еткен. Ақпарат бойынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында 2016 жылы тамақ өнімдері шығарылымының негізгі капиталына 15,4 миллиард инвестиция салынған – бұл 2015 жылғы 19,8%-ға қарсы 24,4%-ды құрайды (алдыңғы қауырт кезең 2013 жылы байқалған). Инвестициялық қоржында 3,4 млрд теңге – Алматы қаласына және 12 млрд теңге ішінара Алматы агломерациясына кіретін іргелес облыстарға келеді (бес әкімшілік аудан – Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілігінің аумағы). Инвестициялық салым көлемдерінің жылдық өсуі 38,3%-ға жеткен – бұл соңғы жылдар ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Агломерацияда тамақ өнеркәсібінің төрт негізгі кластері дамуда: сүт кластері, құс өсіру кластері, ет кластері, жеміс-көкөніс кластері. 2016 жыл ішінде Алматы қаласы және Алматы облысы ҚР-да өндірілген барлық тамақ өнімдерінің 24,8%-ын ақшалай көріністе қамтамасыз еткен. Қауырт кезеңі 2012 жылы Алматы қаласы мен оған іргелес аумақтар елдегі барлық азық-түлік көлемінің 28,2%-ын өндірген уақытта байқалған. Өткен жылы тамақ өнеркәсібі шығарылымының көлемдері 331,6 млрд теңгеге жеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 29,2%-ға артық.