Сирия аумағында 5 миллионнан астам адам өз елінде босқын атанса, оның 1 миллионнан астамы бас сауғалап, шекара асқан.
Дүниежүзілік азық-түлік кеңесінің арнайы бағдарламасы аясында 4,5 млн-нан астам сириялық тұрғынға гуманитарлық көмек көрсетілген.
ЮНЕСКО арнайы миссиясының мәліметі бойынша, Алеппо қаласында орналасқан әлемдік көне жәдігерлік нысандардың 60 пайызына едәуір зақым келіп, 30 пайызы толық қираған.
Бүгінде Сирияның қоршауда қал- ған 15 ауданында 700 мың халық тұрып жатса, оның 300 мыңға жуығы балалар.
5 миллионға жуық сириялықтарға (оның ішінде 2 миллионы балалар) қарулы қақтығыс ошағында қалғандықтан, гуманитарлық көмек жеткізу мүмкін болмай отыр.
2015 жылдың мамырында Қазақ- станда дағдарысты саяси жолмен шешуді қарастыруға бейім сириялық оппозиция өкілдерімен келіссөздердің бірінші раунды өтті. 2015 жылдың қазанында тиісті келіссөздердің екінші раунды болды.