«Самұрық-Энерго» АҚ-тың тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы даму мен жаңартуға бағытталған жобаларының жүзеге асуы жайлы журналистер арасында жариялаған шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда.
Байқауға республикалық, аймақтық, шетел ақпарат құралдарының кәсіби журналистері, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, оған қоса, интернет журналистері мен блогерлер қатыса алады.
Байқауға 2016 жылғы қаңтардан бастап 20 желтоқсанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар қабылданады: мақалалар, репортаждар, арнайы видеошығарылымдар (ұзақтығы 10 минуттан көп емес), сұхбат, очерктер, жарияланған материалдарға интернет сілтемелер. Байқауға жіберілген жұмыстар 10 номинация бойынша келесі талаптарға сай бағаланады: тақырыптың ашылуы, ақпаратты беру тәсілі, ақпараттың құндылығы, ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы.
Байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша марапатталады.
Байқауға қатысу үшін журналистер БАҚ редакциясы атынан ұсынылған материалды көрсете отырып, өтінім жіберуі тиіс. Өтінімге қоса, жарияланған материалдардың электронды және немесе қағаз бетіне басылған нұсқаларын келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 15А, Q бизнес орталығы, «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар кеңсесіне (Журналистер байқауына деген белгімен) немесе a.zhekenova@samruk-energy.kz почтасына жіберу қажет.
Өтінімдер 2016 жылғы 20 желтоқсанға дейін қабылданады.
Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін анықталып, жеңімпаздар жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі байқау қорытындысы жарияланғаннан кейінгі бір ай көлемінде болады.
Байланыс телефондары: (8717-2) 692-365; 553-062.