• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
03 Қазан, 2016

Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдар сыртқа шығарылды

223 рет
көрсетілді

Жолаушыларды халықаралық рейс ұшақтарына отырғызу алдындағы тексеру аймағында сынап төгілуіне байланысты Алматы әуежайындағы адамдар сыртқа шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады. Алматы-Тбилиси рейсімен ұшқалы тұрған жолаушының жүгінен аджика банкісіне құйылған сынап табылған. Сынап мөлшері шамамен 100-150 миллилитрдей. Бұл жағдайға байланысты тексеру жүріп жатқан кезде жолаушы сынапты қоқыс жәшігіне төгіп жіберген. Жолаушы – Қазақстан азаматы, жасы 38-де. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес адамдар сыртқа шығарылды. Жолаушыны құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Рейстер кешігуде. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қызметкерлері оқиға орнына жіберлген.