• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2016

Қарағандының ең сұлу қызы Қытайдағы арулар байқауына қатысады

308 рет
көрсетілді

  Қарағандының 2015 жылғы ең сұлу қызы атанған Рената Нұрғазина қараша айында Қытайда өтетін Miss World Peace-2016 халықаралық арулар конкурсына Қазақстанның атынан қатысатын болды. Таяуда кеншілер қаласының керім қызы Miss World Peace кастингіне қатысуға шақырту алды. Рената үшін бұл халықаралық деңгейдегі тұңғыш сынақ болмақ. Рената Нұрғазина 2015 жылы «Қарағанды Аруы-2015» сынында топ жарғаннан кейін «Қазақстан Аруы-2015» конкурсында өңірдің намысын қорғаған еді. Сол жолы ол «Қазақстанның вице-аруы» атанған  болатын. Қайрат Әбілдинов