Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 23 Тамыз, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында алма-кезек ұйымдастырылып отырған өңірлер мәдени күндерінің кезегі павлодарлықтарға да келіп жетті. Өткен 18 тамыз күні Орталық коммуникация-лар қызметінің баспасөз залында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев аталмыш шараға байланыс-ты журналистердің басын қосып, атқарылуы тиіс мәдени-бұқаралық іс-шараның жоспарымен таныстырды.
Қазақтың бастау бұлақтай тұнық тіліне кім тамсанбаған дейсіз. Әуезділігін әнге теңеген. «Француз тілі Еуропаға қалай әсер етсе, қазақ тілі түркі мәдениетіне дәл солай әсер еткен», депті В.Радлов.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Жақында әлеуметтік желіде жарияланған бейнекөрініс қоғамды дүр сілкіндірді. Онда мұғалімнің төрт оқушыны сыныптастарының алдына қатар тізіп қойып шапалақтың астына алып жатқаны түсірілген. Тіпті бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрады. Бұл оқиғаны оқушылардың бірі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Ғаламтор пайдаланушылардың наразылығын тудырған келеңсіз жағдай Алматы облысы, Түрксіб ауданындағы №198 мектепте болған екен. Көп ұзамай Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 140-бабымен жазаға тартылған мұғалима 22 жастағы жас маман болып шықты.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Ғаламның қасиетін зерделеген еңбек
Бүгінгі күнге дейін әлемнің үдемелі ұлғаю себептері туралы бірыңғай теорияның жоқ екендігі белгілі. Және мұндай теорияның жылдар бойы жасалған зерттеулердің нәтижесінде ғана қалыптасатындығы тағы мәлім (мысалы, Эйнштейн салыстырмалылықтың жалпы теориясын жасауға 40 жыл уақытын құрбан еткен).
Халықаралық белсенділіктің белестері
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері аймақтағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда халықаралық сахнадағы белсенділігімен айрықша көзге түсті. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық саласында бұрынғы кеңестік елдер арасында ең белсенді, жаңашыл мемлекет ретінде танылды. Әлбетте, бастапқыда ешкім дәл осындай белсенділікті Қазақстаннан күтпегені анық.
Күрес • 23 Тамыз, 2017
Медведьтің ізбасарларын баптаған қазақ
Жезқазған өңірінде спортсүйер қауым Шубаевтар әулетін орынды мақтан етеді. Жалпы, белдескеннің белін майыстырған Шубаевтарды бүкіл әулетімен балуан десе де болады. Күрес оларға атадан балаға дарыған өнер саналады.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2017
The Jerusalem Post: «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады»
Төртінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқаудың өз мәресіне жеткені жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған байқауда жеңімпаз атанғандардың бірі – израильдік Уди Шахамның The Jerusalem Post газетінде жарияланған «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады» мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 23 Тамыз, 2017
Қазақстан • 23 Тамыз, 2017
Қазақстан қауіпсіздік, қарусыздану жүйелерін құру үдерісінде халықаралық және аймақтық ынтымақтасудың барлық деңгейінде мақсатты және белсенді түрде қатысуда. Қазақстанның сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мүдделерінде анық және нақты түсінік бар.
ЭКСПО-2017 • 23 Тамыз, 2017
Аралдар жұртшылығының ақ тілегі
Халықаралық көрме шеңберінде Маршалл аралдары Республикасының ұлттық күні аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан осы елдің Ресурстар және даму министрлігі халықаралық энергетикалық жоспарлар директоры Ангелин Хайне Қазақстан басшылығына ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, Астана қаласының көз тоймас көркіне тәнті болғанын жеткізді.
ЭКСПО-2017 • 23 Тамыз, 2017
«Көбелек әсері» немесе жасыл энергияны жандандыратын науқан
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Малайзия павильоны «Көбелек әсері» және Жастар апталығы» экологиялық акциясын бастады. Шара барысында әлеуметтік желі қолданушылар экологиялық идеяларды арнайы хэштегтермен бөліседі. Малайзияда бұл науқан басталып кеткен екен. 20 миллионнан астам адам #MyButterflyEffect #Wattif хэштегтерімен жазба жариялап үлгерген.
ЭКСПО-2017 • 23 Тамыз, 2017
Сауд Арабиясы Корольдігі 30 жоба дайындауда
Кеше «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық күні аталып өтті. Салтанатты шараға Абдалла ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд атындағы жаңартылатын және атомдық энергия ғылыми қалашығының Президенті Доктор Хашім Ямани және Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов қатысты.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Тіл білу тұлғалық деңгейге көтереді
Бәсекеге қабілеттілік артқан XXI ғасырда қазақ жастарының негізгі міндеті тіл үйрену екені белгілі. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызы зор. Мақалада Елбасы әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент компьютерлік сауаттылық пен шет тілін меңгеру маңыздылығына «Ұлттың болашағы оның табиғи байлығымен емес, басқа елдермен бәсекелесу қабілетімен анықталады. Сондықтан әрбір қазақстандық XXI ғасырда осы қасиеттерге ие болуы керек», деп атап көрсетті.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Әліпби әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашады
Соңғы уақытта латын әліпбиіне көшу – ел ұстаған, сөз ұстағандардың қай-қайсысы да бей-жай қарамайтын маңызды тақырыпқа айналды. Олай болатыны – бүгінге дейін қолданылып келген кирилл жазуындағы 42 әріптің жартысына жуығы басы артық есептеледі. Бұл өз кезегінде тілді шұбарлап, қазақ тілінің орысша акцентпен сөйленуіне жеткізген. Әріптің көп болуы да дыбысталуға әсер етеді. Ал дыбысынан әріп саны асып түсетін әліпби тілге қауіп төндіреді. Латын әліпбиіне көшу осы және өзге де мәселелерді шешуге тиіс. Тек, асығыстыққа ұрынып, кем соғып қалудан сақтанбақ ләзім. Латынша жазуға көшу – ұранның астында қалып кетпей, келісе отырып кеңінен толғайтын тақырып.
Медицина • 23 Тамыз, 2017
Аймақтар • 23 Тамыз, 2017
Аймақтар • 23 Тамыз, 2017
Медицина • 23 Тамыз, 2017
Қалада да, қырда да құрылыс қызып тұр
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары облыстың Өскемен, Семей секілді үлкен шаһарларынан бөлек аудандарда да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, дәл қазіргі уақытта бір ғана Зырян қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 60 пәтерлі тұрғын үй салынып жатса, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын шаһарға ұзындығы 6 шақырымнан асатын жылу желілері тартылып, төрт бірдей көшенің жолдарына асфальт төселіпті.
Бизнес • 23 Тамыз, 2017
Игілікке игерілген инвестициялар
Өңірге инвестиция тартуды әкімдерге басты міндеттерінің бірі ретінде жүктеген Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында шетел елшілерімен, инвесторларымен байланыс пен кездесу екі есеге көбейіп, түрлі жобалар төңірегінде талқылаулар өткізілді. Қазақ-түрік, қазақ-өзбек халықаралық бизнес форумдары ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінен нақты инвесторлар табылып, облыстың экономикасына қаржы құйылуда.
Білім • 23 Тамыз, 2017
Жаңа оқу жылында сапаға назар аударылады
Биылғы педагогика қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбында өтті. ЭКСПО қалашығында өткен білім беру саласы мамандарының басқосуы педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға есеп беретін дәстүрлі кездесу екені белгілі.
Парламент • 23 Тамыз, 2017
Парламент депутаты Ақтоғай және Ертіс аудандарында болды
Парламент Сенатының депутаты Манап Көбенов Павлодар облысындағы Ақтоғай және Ертіс аудандарында жұмыс бабындағы сапармен болды.
Президент • 23 Тамыз, 2017
Елбасы туралы жаңа кітап таныстырылды
Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы «Құрыш тұлға» атты жаңа тарихи-танымдық кітап көпшілікке таныстырылды.
Үкімет • 23 Тамыз, 2017
Қазақстан – бірлікті нығайтуда көшбасшы ел
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельммен кездесті.
Үкімет • 23 Тамыз, 2017
Міндеттер мінсіз орындалуы тиіс
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жарлықтарын орындау бойынша Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2017
Әр жыл сайын келетін орақ науқанының тек өзіне тән ерекшелігі болатынын мамандар жиі қайталайды. Еліміздің батыс өңіріндегі егін ору ісіне тән биылғы өзгешеліктер қандай деген сауалға жауап іздер болсақ, көктемгі жаңбыр егіс салуға кедергісін келтіргенін айтқан жөн. Сондықтан, бұл науқан Ақтөбе аумағында өз уақытынан кештеу аяқталды. Соның салдары облыстың кейбір аумақтарында астықтың өз уақытында толық пісіп үлгермегеніне әкеліп соқтырды.
Футбол • 23 Тамыз, 2017
Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді
Футбол • 23 Тамыз, 2017
Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды
«Селтик» командасының бас бапкері Бренден Роджерс «Астанаға» қарсы матчтан кейін кездесу жайлы өз ойын білдірді
Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «біз қайта түлеудің айырықша маңызды екі процесін – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген болатын.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы жаңа оқулықтар жобасын әзірлеуге кірісіп кетті.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2017
Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының басшылығын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.